Басты Жаңалықтар Вашингтон мен Ереван миллиардтаған долларлық келісімге қол қойды

Вашингтон мен Ереван миллиардтаған долларлық келісімге қол қойды

Армения мен АҚШ бейбіт атомды дамыту жолында ынтымақтасуға уағдаласты. Бұл туралы келісімге Құрама Штаттар вице-президенті Джей Ди Вэнс пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда қол қойды.

Вэнстің мәлімдеуінше, Вашингтон Арменияға 9 миллиард доллар инвестиция салады. Соның 4 миллиарды энергияға жұмсалады.

«Блумбергтің» хабарлауынша, бұл құжат Арменияға Американың ядролық технологиясын, отынын және қызметін экспорттауға құқықтық негіз болмақ.

Сонымен қатар осы мәміле нәтижесінде америкалық компанияларға Кеңес Одағы кезінде салынған Армения атом электр станциясын алмастыру туралы келісім үшін күресуге мүмкіндік туып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, Еревандағы кездесуде АҚШ оңтүстіккавказдық республикаға 11 миллион долларға әскери дрон технологиясын сататынын да жариялады.


Бөлісу