Басты Жаңалықтар Ұлттық қор – балаларға: $35 млн үй мен білімге жұмсалған

Ұлттық қор – балаларға: $35 млн үй мен білімге жұмсалған

35 млн АҚШ доллары. Ұлттық қордан ақшасын шешкен жас қазақстандықтар осынша қаражатты тұрғын үй мен білім алуға жұмсады. Бұл 2024-2026 жылдар аралығындағы көрсеткіш. Осы кезеңде барлығы 223 мыңнан астам өтініш қабылданып, толық орындалды. Оның ішінде 22 млн АҚШ долларынан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалса, 13 млн АҚШ долларынан астам қаражат білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге бағытталған. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толған әрбір азамат шотындағы қаражаттың толық көлемде пайдалануға құқылы. Ал игерілмеген сома жинақтау шотында сақталады. Қазіргі таңда бағдарламаға үшінші жыл қатарынан қатысып отырған баланың шотында 370 доллар 56 цент жинақталған. Бұл – мемлекеттің әр балаға арналған ұзақмерзімді қолдауы.


Бөлісу