«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Eco Quiz» ойыны өтті
Ақмола облысының Степногорск қаласында «Таза Қазақстан-болашақтың өскіні» тақырыбында «Eco quiz» өтті.
Интеллектуалдық ойынға 70 шақты жас қатысып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сұрақтарға жауап берді. Бірнеше топқа бөлінген жастар ақтық кезеңде қалдықтарды сұрыптау және табиғатты қорғау бағытында жобаларын ұсынды.
Дмитрий Форгов, студент:
Назарын экологияға аудару мақсатында осындай іс-шараларды өткізудің маңызы зор деп санаймын. Себебі табиғатты қорғау – әрқайсымыздың қолымызда.Табиғатқа қамқорлықпен қарауды жас кезімізден үйренсек, ол бойымызға сіңіп, жақсы әдеттерді қалыптастырады.«Макулатура Жина»: Оқушылар экоакция бастады
Ал рудныйлық оқушылар қағазды қайта өңдеуге тапсырып, қоршаған ортаны қорғауға үндейтін экологиялық акция бастады. Игі шараға мұғалімдер мен ата-аналар, мекеме қызметкерлері де қатыса алады. Олар ескі дәптер, бума-бума газет-журналды қоқысқа тастамай, жинап, өндіріске жібереді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1 тонна макулатура 17 түп ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19