Басты Жаңалықтар Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

Қостанай облысында дуальды оқыту жүйесі сәтті жүзеге асып жатыр. Қазір өңірдегі 30 коллледжбен 600-ге жуық кәсіпорын осы бағытта жұмыс істеп жүр. Яғни, студенттер алған білімін тек теория түрінде емес, кәсіпорынға барып, практикалық бағытта шыңдайды. Мәселен, «Автомобиль өнеркәсібінің инжинирингі» бағдарламасы аясында оқыған 22 студенттің 17-сі бүгінде жұмыс істеп жүр.Бұл жөнінде Үкіметте өткен басқосуда мәлім болды. Премьер-Министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Өңірдің денсаулық сақтау саласында да нәтиже бар. Мәселен, туберкулезден болатын өлім-жітім 7,1%-ға төмендеген. Ал туризм саласында Қостанай облысының әлеуеті зор болғанымен, туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де өзекті. Сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға да ерекше назар аудару қажет екені атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, кадрлық әлеуетті дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саланың негізгі бағыттары бойынша кешенді шараларды іске асыруды тапсырды.

Бөлісу