Басты Жаңалықтар Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады

Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады

Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарыс жолына шығады. 

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Біз Миланнан сөйлеп тұрмыз. Қазір Олимпиада қалашығында жүрміз. Бірақ Ұлттық құраманың спортшыларын әлі кезіктіре алмадық. Себебі мұнда БАҚ өкілдерінің жүруіне арналған жер шектеулі. Ал бүгін  қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні басталды. Қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен жарыс жолына шығады. Астана уақытымен  21:30-да конькимен жүгіруден Надежда Морозова, Елизавета ГОлубева және Кристина Силаева мың метр қашықтықта бақ сынайды. Айта кетейік, үш мың метрде Надежда Морозова алтыншы орын алған еді. Бүгін медаль олжалайды деген үміт бар. Сарапшылар Морозоваға үлкен сенім артып отыр. Бұдан бөлек, шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ерлер арасында бәсеке болады. Спортшыларымыз Илья Мизерных пен Данил Васильев ел намысын қорғайды.

 - Азамат, жалпы есеп қалай болып жатыр?

Жалпы есепке келетін болсақ, Норвегия қүрамасы бірінші, Америка екінші орында және Италия құрамасы үштікті түйіндеп тұр. Өкінішке қарай, Ұлттық құраманың қоржынында әлі медаль жоқ. Бірақ біздің фавориттер енді сайысқа түседі, сондықтан қанжығамыз майланады деп сенеміз. Жалпы, бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сайысқа түсетінін айттық. Миландағы жарысты біз таспаласақ, Тезеро қаласында өтетін жарысқа әріптесім Фархат Қаналы куәгер болып қайтады. Бізден сүйінші хабар болса екен деп үміттенеміз.


Бөлісу