Басты Жаңалықтар Димаштың тележобасы Қытайда 102 млн қаралым жинады

Димаштың тележобасы Қытайда 102 млн қаралым жинады

Димаш Құдайбергеннің жаңа продюсерлік жобасы қаралым жағынан Қытайда рекорд орнатты. Музыкалық шоуды бір тәулікте 102 млн адам тамашалаған. Hunan TV телеарнасының мәліметінше, бағдарлама Қытайдағы аймақтық спутниктік арналар арасында да топ жарған. Сонымен қатар KuYun және Huanwang платформаларында да көш бастады.

Сарапшылардың айтуынша, Қытайда әдетте 20–30 миллион қаралымның өзі көп саналады. 50 миллионнан асса — хит. Ал Димаштың жобасы 100 миллионнан астам көрермен жинап, ұлттық рейтингтерді жаулап алуы — әлемге танылды деген сөз.

Айта кетсек, Димаш бұл жобаның атқарушы продюсері әрі қатысушысы. Яғни өнер көрсетіп қана қоймай, идея, бағыт, мазмұнын ойластыруға да ат салысқан. Алғашқы шығарылымда сыншылар Димаштың музыкалық қойылымын «Ұлы Жібек жолының үні» деп атады.

Бағдарламаның алғашқы бөлімін ақпанның 5-і күні алматылық көрермен онлайн тамашалаған еді. Жаңа рекорд орнатқан жоба қазақстандық көрермен үшін 14 ақпаннан бастап «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.


Бөлісу