Испанияда алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Әсіресе Андалусия аймағындағы жағдай қиын. Мұнда төпелеп жауған жаңбырдан талай елді мекен мен егістік алқаптарын су басып, экономикаға миллиондаған еуро шығын келді.
Көршілес Португалияда да осыған ұқсас ахуал. Соңғы мәліметке қарағанда, Андалусияда 11 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Сондай-ақ 170-ке жуық жол жабылды. Ал Португалияда теміржол қатынасы доғарылып жатыр.