Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 80 көлік шығарылды

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 80 көлік шығарылды

Жамбыл облысы, Қордай ауданында қар құрсауында қалған 80 көлік шығарылды. Оның 50-і жеңіл, қалғаны жүк көлігі.

Жүргізушілер ескі Қордай асуымен қатынаған. Алайда таудың 20 шақырымдық тас жолында ақтүтек боран соғып, көліктер кептеліп қалды. Салдарынан қос бағытта да қозғалыс тоқтады.

Төтенше жағдайлар қызметі көліктерді сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, соңғы күндері аймақта боран жиілегендіктен, жолаушыларға көмек көрсету мақсатында қауырт желі іске қосылды.

☎️ 8 (7262) 43-58-97, 43-58-39


Бөлісу