Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Еуропаның бірқатар елінде де, ауа райы құбылып тұр. Арыстан Рысбек жаһан жаңалықтарына шолу жасайды.

Германияда боран мен аяз. Соның салдарынан Берлин әуежайында бірталай рейс кешікті немесе доғарылды. Авиациялық порт өкілдері жолаушыларды сапарларының мәртебесін алдын-ала анықтауға кеңес беріп отыр. 

Мароккода бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбырдан кейбір қалаларды су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, 143 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Оманда АҚШ-Иран келіссөздері басталды. Аймақ елдері оның нәтижесінде аймақта үлкен соғысқа жол берілмейді деп үміттеніп отыр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің дерегінше, тараптар бетпе-бет емес, делдалдар арқылы сөйлесіп жатыр.

«Амазон» компаниясының президенті Джефф Безос өз иелігіндегі әйгілі «Вашингтон пост» газетінің 300-дей қызметкерін жұмыстан қысқарту жоспарын жариялады. Оның мәлімдеуінше, бұл реформа қаржылық қиындықтарды еңсеріп, басылымды қайта құрылымдау үшін қажет.

«Тойота» компаниясының бас директоры Кодзи Сато отставкаға кететінін жариялады.Ол әлемдегі ең ірі автоконцернді небары үш жыл басқарды. Сатоның орнын қаржы директоры Кента Кон баспақ.


Бөлісу