Басты Жаңалықтар Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Жаңа Конституция жобасы бойынша eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асты. Ал саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді. Азаматтар да жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы-Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік беретінін айтып, сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.


Бөлісу