«Оkushy» цифрлық платформасы – Орталық Азиядағы үздік жобалардың бірі
Көкшетауда қосымша білім берудің «Оkushy» цифрлық платформасы сәтті жүзеге асып, қолданысқа енген 4 айдың ішінде 10 мың доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартты. Маркетплейст Орталық Азия бойынша үздік деп танылған 15 стартап жобалардың қатарына енді. Шаһардағы «Digital Aqmola» орталығындағы цифрлық жаңғырту бағытындағы өзге де жобалар туралы Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалы.
Стартап жобаның техникалық қолдаушысы Дильназ Бораншеваның айтуынша, «Оkushy»
платформасы жасанды интеллектпен жабдықталған. Бұл өз кезегінде қосымша білім
беру орталықтарына клиенттерді есепке алу, аналитика жүргізу және
бағдарламаларды басқару жүйесін ұсынады. Яғни, қосымша Excel кестеде есепті
жүргізудің қажеті жоқ, - дейді.
Дильназ Бораншиева, «Оkushy»
цифрлық платформасының техникалық
қолдаушысы:
Платформаға енгізілген жасанды интеллект ата-ананың да таңдауын жеңілдетеді. Қазірдің өзінде маркетплейсті 9 мың қолданушы пайдаланды. 650 ата-ана тапсырыс қалдырып, 300-ге жуық хабарландыру жарияланды. Біз алдағы уақытта платформаның ауқымын облыс және республика көлемінде кеңейтіп, кейін ТМД нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.
Бүгінде «Оkushy» платформасына Өзбекстан елінің қызығушылығы зор. Тіпті 10 мың
доллар көлемінде инвестиция бөлді. Ал көкшетаулық ата-аналар болса,
маркетплейстің пайда болғанына дән риза. Себебі Көкшетаудың өзінде түрлі
бағыттағы үйірмелер мен спорттық секцияларды ұсынатын 150-ге жуық орталық жұмыс
істейді. Ал платформа тиімді орталықты оның мекен-жайы, үйірменің бағасы мен жас
ерекшелігі бойынша тез сүзгіден өткізіп, таңдауын жеңілдетіп отыр.
Айдана Нұртаева, Көкшетау тұрғыны:
Оқушы платформасы туралы жақында білдім. Бұл платформаның ата-аналарға тиімді, қолайлы мүмкіндіктері өте көп екен. Оның ішінен мекен-жайыңызға жақын орналасқан үйірмелерді анықтауға болады және балаңыздың бейіміне қарай үйірмелерді таңдауға мүмкіндіктер бар екен.
Бұл «Ai-Komek» байланыс орталығы.
Дәл осы жерге тұрғындардың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығынан бастап медицина
мен қауіпсіздікке, көлік пен ауыл шаруашылығына, тіпті экономикаға қатысты
сұрақтары мен өтініш-арыздары келіп түседі. Яғни әр саладағы бытыраңқы деректер
бір цифрлық жүйеде өңделеді.
Мадина Шумақбаева, цифрландыру
және архивтер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:
Осы платформа жедел шешім қабылдауға және өңірдің дамуын болжауға мүмкіндік
береді. Тек 2025 жылдың өзінде байланыс орталығына тұрғындардан 40 мыңнан астам
өтініш түсті.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
«Digital Aqmola» орталығы өңірдің бірыңғай IТ архитектурасын қалыптастырды. Яғни «Дрондар инфрақұрылымы», «Деректер көлі» және «Ai-Komek» платформалары нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді талдауға мүмкіндік беріп отыр. Оған қоса орталықтағы инновациялық технологиялар паркі IТ кадрларды дайындауға үлес қосып, 160-тан аса азаматты оқытты. Бір жылда 60 стартап жоба дайындалды. Оның үшеуі биыл бета тесттен өтіп, нарыққа шықпақ.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бірнеше сағаттан соң қысқы Олимпиада ойындары ашылады
06.02.2026, 17:35
«Таза Қазақстан»: Шоппер таңда!
06.02.2026, 17:29
Маңғыстау өнер ұжымдары бірнеше елмен мәдени байланыс орнатты
06.02.2026, 17:24
Түлкібаста 21 инвестициялық жоба жүзеге асқан
06.02.2026, 17:18
Ата Заңдағы жаңашылдық – қоғам талқысында
06.02.2026, 17:15
ҚХП Конституция жобасы бойынша пікір алмасты
06.02.2026, 17:12
Алматыда конституциялық реформа жобасы талқыланды
06.02.2026, 17:09
Жаңа Конституция мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтеді
06.02.2026, 17:06