Гастрольдік сапар мен репертуар тізімі бақылауға алынады
Әншілерге кейбір әндерді орындауға тыйым салынады. Яғни гастрольдік сапар мен репертуар тізімі бақылауға алынады. Туынды Ұлттық құндылығымызға нұқсан келтірмеуі тиіс. Осы мақсатта ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізушілер 30 күн бұрын рұқсат алуға міндеттеледі. Талап шетелдік өнер иелеріне де қатысты. Жергілікіті әкімдікпен келісілген шараны мәдениет және ақпарат министрлігі бақылап отырады. Ал кинотеатрда көрсетілетін фильмдер сараптамадан өтеді. Яғни туындының қай жас санатына арналғанын анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істейді. Олар фильмнің мазмұнын, көркемдік бағытын саралап, жас шектеуін белгілейді. Жаңа құжат кино саласын жүйелеп қана қоймай, шығармашылық еркіндік пен қоғамдық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтауды көздейді. Бүгін Сенат креативті индустрияны дамытуға бағытталған заңды мақұлдады. Соның аясында «Мәдениет, кинематография және жастар саясаты туралы заңдарға» бірқатар өзгерістер енгізілді.
Бірінші ұғымды заңға енгізу керек. Заңда ол ұғым болмаса креативті индустрия дегеніміз не? Индустриядағы экономика дегеніміз не екенін білмесек, біз оны реттей алмаймыз ғой. Бастысы ұғым нақтыланды. Одан бөлек елімізде басқа да мәселелер қаралды. Кинемотография туралы заңғада өзгерістер енгізілді.
Қаралған заң еліміздегі креативті индустрия саласын реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, саланы қолдауға бағытталған бірқатар жаңа тетіктер енгізіліп отыр. Сонымен қатар өкілетті органның құзыреттері нақтыланып, қосымша міндеттер жүктелді. Жалпы заң еліміздің креативті экономика секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы