Басты Жаңалықтар Таэквондодан ел чемпионаты басталды

Таэквондодан ел чемпионаты басталды

Түркістанда таэквондодан жастар арасында ел чемпионаты басталды. Ел ішілік додаға Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен 17 облыстан 709 жас қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Татами төрінде 14 пен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар 20 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, жекпе-жек өткізеді.

Жарысқа қатысушылардың арасында ел біріншілігінің жеңімпаздары мен Азия чемпиондары да бар. Олар кезекті рет өз мықтылығын дәлелдемекші. Таэквондошылар бәсекесі 8 ақпанға дейін жалғасады.

Ел біріншілігінің нәтижесінде сәуір айында Ташкентте өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жасақталады.

Айзат Қарашашев, ҚР таэквондо федерациясының вице-президенті:

Таэквондомыз енді олимпиадалық спорт түрі болған соң, жақсы дамып жатыр. Былтыр "Kazakhstan Open" халықаралық турнирін өткіздік. Биыл да Астанада өтетін болады. Жыл соңында Гран-придің соңғы финалы өтеді Астанада. 2027 жылы алғаш рет елімізде әлем чемпионаты өтетін болады.


Бөлісу