Оқушылар дрондарды қолдануды меңгеріп жатыр
Астаналық оқушылар дрондарды қолдануды меңгеріп жатыр. Алғаш рет өткен цифрлық технологиялар форумында мектеп оқушылары робототехника мен дрондарды басқарудың әдістерін көрсетті. Әсіресе бүгінде танымал технологиялық спорт түрі саналатын дрон-футбол ойыны жасөспірімдер арасында кеңінен танылған.
Үш қорғаушы өзінің қақпасының алдында тұрып қорғайды, қарсыластың шабуылшылары. Ал шабуылшылар болса, қарсыласының қорғаушыларын алдап өтіп, мейлінше гол соғуы керек.
Осылайша болашақ ІТ стартаперлер мен оқушылар, сала мамандары мен мұғалімдер бір алаңға жиналды. Мақсаты — робототехника мен дрондарды құрастыру және игеру ісін жаңа деңгейге шығару. Көрмеде арнайы компания өкілдерінің инновациялық платформаларынан бөлек, оқушылардың өз қолымен құрастырған жобалары таныстырылды.
Думан Әлиасқар, дрон құрастырушы компания директоры:
Енді қаншама мектеп, келешек комфорт мектептері бірнеше дрон наборларын өздеріне алды, жабдықтандырылды. Бірақ мәселе дайын методика жоқ. Дайын методист жоқ. Мектептерде сөрелерде шаң басып тұрған дрондарды біз игеруге үйретеміз, оларды құрауға үйретеміз. Оларды ұшыруға үйретеміз.
Форум барысында сарапшылар AI-дың мектеп бағдарламасына қалай енетінін және болашақ мамандықтарды қалай өзгертетінін талқылады. Сөздерінше, осындай шаралар оқушылардың технологиялық ойлауын дамытып, оларды ертеңгі күннің талабына сай дайын болуына үйретеді дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы