Басты Жаңалықтар Түркияда үш жыл бұрынғы алапат зілзаланың зардабын жою жұмыстары әлі жүріп жатыр

Түркияда үш жыл бұрынғы алапат зілзаланың зардабын жою жұмыстары әлі жүріп жатыр

Осыдан тура үш жыл бұрын, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның шығысындағы 11 облыста алапат жер сілкінісі болып, 53 мыңнан аса адам көз жұмды. 100 мыңнан аса адам жараланды. Миллиондаған адам үй-күйсіз қалды. Арадан біршама уақыт өтсе де, жойқын апаттың зардабын жою жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бүгінге дейін апат аймағында 433 мың 667 тұрғын үй салынды. Үш жыл ішінде апат болған аймақтарды қалпына келтіруге 82 млрд доллардан астам қаражат жұмсалған. Бауырлас елдегі қайғылы жағдайға Қазақстан да бейжай қараған жоқ. Алғашқы күндерден құтқарушылар жіберіп, талай адамның тірі қалуына сеп болды. Бұдан бөлек, зілзалада жермен-жексен болған Нұрдағы қаласында орта мектеп салып беру туралы шешім қабылдады. Бұл білім ордасы жақында пайдалануға берілмек.

Мұрат Курум, Түркияның қоршаған орта, қала салу және климат өзгерісі министрі:

Әлемнің көптеген елдері құтқару жұмыстарынан бастап, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуда бізге көмек қолын созды. Олардың барлығына көп рахмет айтамын. Барлығымыз бірге бұл қайғыны сейілте білдік. Бауырластық қиын күндерде білінеді деген сөз бар. Бауырлас елдер бізге осыны білдірді. Қиын күнде жанымызда болып, ауызбіршіліктің қандай екенін бүкіл әлемге көрсеттік.


Бөлісу