Испания мен Португалия «Леонардо» дауылынан зардап шекті
Испания мен Португалия «Леонардо» дауылынан туындаған қатты жаңбырдың зардабын тартуда. Пиреней түбегіндегі қос елге бір тәулікте 40 см-ге дейін жауын түсіп, өзен-көлдер арнасынан асып, су тасқыны басталды. Салдарынан Португалияда бір адам қаза тауып, екі жүз адам оқшауланды. Табиғи апатқа байланысты елде жексенбі күні өтетін Президенттік сайлау кейінге шегерілді.
Ал Испанияда құтқарушылар төрт мың адамды қауіпсіз жерге көшіріп, із-түссіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Андалусия аймағындағы елді мекендерде мектептер жабылып, теміржол, көлік қатынасы тоқтады. Алдағы күндері тағы да қатты боран соғатынын айтқан синоптиктер тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06