Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды. Мамандардың айтуынша, аудандарда тоңның қалыңдығы 32 мен 127 сантиметр аралығында. Сондықтан тасқын жүруі мүмкін аумақтарды тек наурыз айының басында ғана дәл болжап айтуға болады. Өңірде алдын алу жұмыстары жыл бойы жүрді. Өзен арналары кеңейтіліп, төменде орналасқан елді мекендердің айналасына қорғаныш бөгеттері салынды. Сондай-ақ су шаю қаупі бар жолдарға су өткізу құбырлары қойылған. Облыс бойынша су тасқынына қарсы 106 іс-шара жоспарланса, қазірге дейін оның 99-ы орындалды. Екі мыңнан астам адам, 880 техника мен жүзу құралдары сақадай сай тұр.
Әлішер Сарыбаев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Елді мекендермен үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында су бұру, су өткізу құрылғылары орнатылып, толықтай жөнделді. Елді мекендерден 150 мың тоннадан астам қар шығарылды. Алдағы уақытта облыс аумағында өзен арналарында мұзды әлсірету мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00