Еліміздің бірнеше аумағында ауа райы күрт өзгерді
Еліміздің бірнеше аумағында ауа райы күрт өзгерді. Ақмола облысында да күн райы нашарлап, жолдар жабылған.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Ақмола облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Кеше өңірдің батысы мен солтүстігінде қалың қар жауып, боран соқты. Көріну деңгейі төмендеп, республикалық, облысаралық жолдар кезек-кезек жабылды. Кеше сондай-ақ Есіл, Жарқайың, Жақсы, Қорғалжын, Егіндікөл, Атбасар және Астрахань аудандарында қарлы-жаңбыр жауып, көктайғақ салдарынан жолдағы қозғалыс шектелді. Ал таңғы сағат 5-тен Астана – Щучинск бағытындағы тасжол жабылды. Оған да себеп көктайғақ болып тұр. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция тәулік бойы кірпік қақпай кезекшілік етуде. Тәртіп сақшылары ауа райы қалыпқа түскенше уақытша жолға шықпауға және қауіпсіздік ережелерін барынша қатаң сақтауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06