Жаһан жаңалықтарына шолу
Бүгін Әбу-Дабиде АҚШ-тың арағайындығымен Украина-Ресей келіссөздерінің екінші раунды аяқталды. Тараптар 157-157 формуласы бойынша 314 тұтқынды алмастыруға келіскен.
2010 жылы қол қойылған ядролық арсеналды бақылау жөніндегі келісімнің мерзімі бүгін аяқталды. Енді АҚШ пен Ресейге жанталаса қарулануға ештеңе кедергі жасай алмайды.
«Фольксваген» компаниясы 2030 жылға дейін өзінің Қытайдағы өндірісін жаңа электрондық архитектуралық платформаға көшірмек. Сондағы жоспары – әлемнің ең ірі автонарығында көлікті 30-40 пайызға жылдам әрі арзан шығару.
Грекия 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салуға жақын. «Альфа» телеарнасының хабарлауынша, бұл идеяны гректердің 80 пайызы қолдап отыр.
Алтын қымбаттағандықтан, париждіктер қосымша табыс табу үшін әшекей бұйымдарын жаппай сатып жатыр. Айта кетсек, бұл металлдың құны соңғы күндері 5 мың доллардан асып кеткені белгілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы