Қысқы Олимпиада ойындарына бір күн қалды
Жиырма бесінші Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір күн қалды. Ұлттық құрама спортшылары Италияға жетіп, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ақ ойындарға «Қазақстан» телерадиокорпарациясының үш түсірілім тобы да жұмысын бастады. Қазір студиямен Миланнан Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шығып, ақпарат беруге дайын. Азамат эфирдесіз, ауа-райы қалай және сіздерде сағат неше?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Лейла, қайырлы күн. Иә, біз Миланнан сөйлеп тұрмыз. Бұл жақта қазір сағат түскі бір. Айырмашылық төрт сағат. Біз әуелде қысқы олимпиада болғасын қалың киімдерімізді алып, дайындалып келіп едік. Бірақ мұнда жылы екен, плюс бес градус. Қазір күн ашық. Кеше тіпті, жаңбыр жауып тұрған болатын. Ал бізде көңіл күй тамаша. Себебі ертең тарихи оқиға, Милан-Кортина олимпиадасы басталады. Біз кеше бұқаралық ақпарат құралы ретінде ресми аккредитациядан өттік. Енді олимпиада өтетін барлық қалалар мен стадиондарды емін-еркін жұмыс істей аламыз. Ал, олимпиаданың ресми ашылу салтанаты ертең Сан-Сиро стадионында болатыны белгілі. Оған дейін командалық және іріктеу бәсекелері өтіп жатыр. Жалпы олимпиадада 16 спорт түрінен 100-ге жуық медаль жиынтығы сарапқа салынады. Біздің ұлттық құрамада 36 спортшымыз 10 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25. Команда сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы – шорт-трек шебері Абзал Әжғалиев екен. 33-те. Қалай дегенмен, біз әр спортшымызға сенім артып, медаль олжаласын деп тілейміз. Бүгін олимпиаданың ашылу салтанатына дейінгі ресми іс-шаралар да жоспарланған. Әсіресе, Қазақстанға қатысты жақсы жаңалықтар болуы мүмкін. Ол жайлы шараға қатысып болғаннан кейін, кешкің, қорытынды жаңалықтарымызда айтатын боламын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12