Басты Жаңалықтар Енді зейнетақы тағайындау кезінде әкелердің декреттік демалысы ескеріледі

Енді зейнетақы тағайындау кезінде әкелердің декреттік демалысы ескеріледі

Декреттегі әкелердің құқығы әйелдерден кем болмайды. Енді әкелердің бала күтіміне байланысты демалысы зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Яғни жұмыс істемеген жағдайда да, кәмелетке толмаған баланы күтіп-баққан уақыт заңмен қорғалады. Бұл норма отбасындағы жауапкершілікті тең бөлуді көздейді. Сонымен қатар жаңа заң шетелден тартылған мамандар мен ел ішіндегі кадрлардың жалақысындағы алшақтықты жоюды қарастырады. Осылайша, еңбек нарығында тең талап пен тең жауапкершілік қағидаты күшейтіледі.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Осы бір кәсіпорында жұмыс істейтін 2 инженер. Біреуі қазақстандық азамат, екіншісі шетелдік азамат болатын болса, олардың арасындағы жалақының қарым-қатынасы өте үлкен болмауы керек. Сонымен бірге мынау әртүрлі кәсіпорындар Қазақстанда мысалы үшін, өнеркәсіп кәсіпорындар көп қой. Соның ішінде жұмыс істейтін слесарь, токарь инженерлердің барлығының жалақысы бір деңгейде болуы қажет.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Құжаттағы түзетулер жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік саясатты жүйелі түрде жетілдіруге бағытталған.

Бөлісу