«Психологиялық қызмет туралы» заң ратификацияланады
Мәжілістің жалпы отырысы басталды. Онда депутаттар екі халықаралық келісімді талқылап, психологиялық қызметке қатысты жаңа заң жобасы және Аустриямен арада адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді қолға алды. Әріптесім Самал Қабышева Парламенттен тікелей байланыста.
Психологиялық қызметке қатысты заң өте өзекті. Себебі депутат Жарқынбек Амантайұлы бұған дейін тренингтер азаматтарымызға психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отырғанына алаңдаушылық танытқан болатын. Осыған орай мемлекеттік органдар тарапынан аталған курстардың бағдарламалық мазмұнына, қолданылатын әдістемелеріне және олардың заңнамаға сәйкестігіне ресми тексеру жүргізуді ұсынды. Азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция белгілері бар әрекеттерге құқықтық баға беріп, анықталған фактілер бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін жеткізді. Ай-күннің аманында қарапайым азаматтарды рухани күйретіп, психологиялық тұрғыда әлсіретіп, қаржылай тонауға жол беретін фактілерге қандай тосқауыл болатынын, нақты қандай шара қолға алынатынын алдағы шығарылымда тарқатып айтамыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11