Сталкинг жасағандарға 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Сталкинг жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, әлеуметтік желілер арқылы бақылап, бір сөзбен айтқанда адамның еркінен тыс ізіне түсу – бұл қылмыс. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиясына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан Ішкі істер министрілігі аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады. Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Егер сізге немесе жақындарыңызға қатысты қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, үнсіз қалмаңыз. Дереу 102 нөмірін теріп, полицияға хабар беріңіз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11