Қазақстан ратификациялаған барлық халықаралық шарт міндетті түрде жарияланатын болады
Қазақстан ратификациялаған барлық халықаралық шарт міндетті түрде жарияланатын болады. Бұл азаматтарға мемлекет қабылдаған міндеттемелермен еркін танысуға мүмкіндік береді. Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 7-отырысында Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарды қолдану тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Үнзила Шапақ атап өткендей, Конституция жобасы халықаралық шарттарды қолдануда құқықтық айқындық енгізеді. Бұл норма құқықтық тұрақтылық пен конституциялық құқықтарды қорғауға, сондай-ақ ұлттық құқық пен халықаралық құқықтың үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі:
Қазақстан ратификациялаған барлық халықаралық шарт міндетті түрде жарияланады. Яғни, біріншіден халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқықтың бөлігі ретінде танимыз. Екіншіден олардың заң талаптарына сәйкес қолданамыз. Үшіншіден оларды жариялаймыз.
Артур Ластаев: Жеке өмірге, дербес дерекке қол сұғуға заңмен тыйым салынған
Жаңа Конституцияның жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау жарияланды. Жеке өмірге, дербес дерекке қол сұқпауға заңмен тыйым салынған.
Артур Ластаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Кіріспеде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау жарияланды. Енді бұл мемлекет қызмет қағидаттарының бірі деп бекітілген. Оны енгізу барлық қоғамдық интстуттарға адам құқықтарының басымдығын енгізіп отыр. Адам құқықтарына арналған басты бөлімнің атауының өзгеруі олардың басты рөлде екенін тағы бір көрсетіп отыр. Бұл бөлімнің өзі үш категорияға, құқықтарға,бостандықтарға, міндеттерге негізделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы