«Таза Қазақстан»: «Эко әдеттер» апталығын басталды
Ақмола облысы Қосшы қаласының жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Эко әдеттер» апталығын бастады.
Апталықтың алғашқы күні жастар тұрғындардың қолындағы полиэтилен пакеттерді экодорбаға ауыстыруды үгіттеді. Сөйтіп, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қарапайым әдеттерден бастауды насихаттау керек деп санайды. Сондай-ақ, жастар апталық аясында су мен электр энергиясын үнемдеу, қоқысты сұрыптау бойынша да танымдық кездесулер өткізіп, осы бағытта ақпараттық жұмысты күшейтуді көздейді.
Иназ Қаукенова, Қосшы қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:
Статистикаға қарасақ, адам күніне 150-200 л суға дейін жұмсайды. Бірақ судың да сұрауы бар. Әр тамшы маңызды. Энергияға келсек, жарықты қажет кезде қосу, құрылғыларды уақытылы өшірудің арқасында біз 10-20 пайыз энергияны үнемдей аламыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23