Жаңа конституция: елдің жаңа бағыты
Жаңа Конституция: Елдің жаңа бағыты. Әділет министрлігінде жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды. Құжат жарты жылға жуық қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Жаңа Ата заң 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Онда алғаш рет «Қазақстанның біртұтас халқы», «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттары бекітілді. Адам, оның өмірі мен құқықтары – мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп танылды. Өмір сүру құқығы абсолютті деп белгіленді. «Миранда» қағидаты, дербес деректерді қорғау нормалары енгізілді. Неке мен отбасының мәртебесі де нығайтылды. Айта кетейік, бұл әзірге ұсыныс. Конституцияға өзгерістер тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізіледі.
Ерлан Сәрсембаев, Әділет министрі:
Әділет министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерімен нақты талқылайтын боламыз. Өз пікірлерімізді ортаға салып, талқылаймыз. Қазір ең қызу талқылау кезеңі басталып кетті. Айырмашылықтары қазіргі қолданыстағы Конституциямен айтатын болсақ, 84 пайыздан астам өзгерістер енгізіліп отырған.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00