ДДСҰ: Газадан науқастар мен жаралылар эвакуацияланады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторынан науқастар мен жаралыларды эвакуациялауға әзірленіп жатыр. Бұл жұмысқа автобустар, жеңіл машиналар және жедел жәрдем көліктері тартылды.
Израиль қауіпсіздік күштерінің мәлімдеуінше, медициналық көмекке мұқтаж газалықтар Мысырмен арадағы Рафах өткізу пункті арқылы шетелге әкетіледі.
Жалпы алғанда, мыңдаған палестиналық емделу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркелген. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір кемінде 20 мың адам эвакуацияны күтіп отыр. Олардың қатарында соғыстан жараланғандар, балалар және рак ауруына шалдыққан пациенттер бар.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18