Ұлттық Құрылтай және Халық Кеңесі құрылып, «Миранда ережесі» бекітілмек
Енді жаңа Ата заңның жобасындағы негізілеріне тағы бір тоқталсақ. Бірпалаталы Парламент - Құрылтай құрылады. Онда 145 депутат болады. Олар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы таңдалады. Ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Айта кетейік, Құрылтай Заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган болып табылады.
Бұдан бөлек, ел азаматтарынан Халық Кеңесі құрылады. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Халық кеңесі Құрылтайға Заң жобаларын енгізеді. Жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтере алады. Халықтың мүддесін білдіретін консультативтік орган болып табылады.
«Миранда ережесі» бекітілді. Бұл - жауапты органдар күдіктіні ұстаған сәтте оның негізгі құқықтарын міндетті түрде түсіндіруі керек деген ереже. Яғни ұсталған адамға оның не үшін айыпталғаны және қандай құқығы бар екені егжей-тегжейлі түсіндірілмесе, оған қатысты кез келген тергеу заңсыз деп танылады. Бұл адамды қысымнан қорғап, әділ тергеуді қамтамасыз ету үшін қолға алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы