АҚШ-тағы қазақтар балаларына ана тілін үйрету үшін үйірме тәрізді мектеп ашып жатыр
АҚШ-та жүрген қазақтар балаларына ана тілін үйрету үшін үйірме тәрізді мектептер ашып жатыр. Ең бастысы сол мектептің жұмысы тұрақты әрі жүйелі болуы керек. Бұл, әрине, шетте жүргендер үшін оңай іс емес. Бірақ тілге деген жанашырлық пен құлшыныс оң нәтижеге бастап отыр.
Эльвира Өтеулиева АҚШ-та тұрып жатқан қазақ жасөспірімдерінің қазақ тілін сақтап, дамыту үшін арнайы мектеп ашқан. Мұнда балалар тек тіл үйреніп қоймай, қазақтың тарихы мен мәдениетін де зерделейді.
Эльвира Өтеулиева, мұғалім:
Басты мақсат - мәдениетін жеткізу, салт-дәстүрді үйрету, құндылықтарды үйрету. Ағылшын тілінде болса да, біз оны жеткізуге тырысамыз. Бізде сабақтар тек қазақ тілінде өткізілмейді. Себебі түсінетіндер бар, түсінбейтіндер бар, деңгейі әртүрлі.
АҚШ-та ашылып жатқан қазақ мектептері – қосымша үйірме форматындағы сабақ. Ең бастысы аптасына кемі 3-4 сағат білім беру.
Алаш Айдарбекұлы, Texas kazakh foundation директоры:
Бізде ең үлкен жоба - ол қазақ мектебі. Weeking Kazakh school. Сол мектепте бізде 70 шақты бала оқиды. Олар аптасына 4 сағат оқиды. Сол жақта қазақ тілі, домбыра, мәдени сабақтар бар, Қазақстан туралы көп біледі.
Мектеп аясында жасөспірімдер өзара араласып, дос болуы да маңызды. Мұндағы қазақтар тілдің қолданысын сақтап, аясын кеңейту үшін түрлі шаралар да ұйымдастырып тұрады.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12