Петропавл қаласы мен Алматы облысында әдеткі тазалық шарасы өтті
Петропавл қаласында «Таза бейсенбі» акциясы аясында үш күн ішінде 30 келі пластик пен 100 келі қағаз жиналды. «Amanat» партиясының өкілдері, Kozybayev University студенттері мен белсенді тұрғындар экологиялық мәдениетті насихаттап, қайта өңдеуге болатын заттарды қабылдады. «Дармарка» жәрмеңкесі кезінде жастар интерактивті ойындар мен эко-викторинаға да қатысты.
Александр Зель, «Amanat» партиясы «Болашақ» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы:
Бұл жәрмеңке тек зат алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыратын маңызды әлеуметтік құрал. Жауапты тұтыну – ресурстарды үнемдеу деген сөз. Себебі бұл заттар қоқыс полигондарына түсуі мүмкін еді, ал Қазақстанда, әсіресе біздің қалада полигондар қазірдің өзінде толып тұр. Сондықтан біз жас ұрпаққа табиғатты сақтауымыз керектігін түсіндіруіміз маңызды.
Ал Алматы облысында «Таза бейсенбі» экоакциясы аясында Ащыбұлақ ауылында 80-ге
жуық адам орталық стадион мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
аумағын тазартуға қатысты. Шараға «Amanat» партиясының
аудандық филиалының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары,
белсенділер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Қар мен қатқан мұз
тазартылып, ұсақ қоқыс жиналды. Нәтижесінде шамамен екі тонна қоқыс шығарылды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Франция жартылай финалға өтті
10.07.2026, 17:35
Ақмола облысында «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дәрі оқылды
10.07.2026, 17:33
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтуде
10.07.2026, 17:30
Түркістан облысында астық орағы қыза түсті
10.07.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
10.07.2026, 17:26
Шымкентте 4 мың азамат алимент төлемей жүр
10.07.2026, 17:24
Ресейде жоғары оқу орындарына түсу қиындады
10.07.2026, 17:22
Жапонияда тайфунға байланысты төтенше жағдай жарияланды
10.07.2026, 17:21