Өмірлік маңызы бар дәрілердің тұрақты қорын құру ұсынылды
Сенатор өмірлік маңызы бар дәрілердің тұрақты қорын құруды ұсынды. Себебі науқасқа қажетті дәрі уақытында жетпей қалады. Салдарынан ем-дом дұрыс жүргізілмейді. Осындай дәрі-дәрмек тапшылығына тап болмау үшін Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова нақты ұсыныстарын берді. Депутаттық сауалында препараттарға қатысты проблемаларды шешу үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді мемлекеттің стратегиялық жоспарлау жүйесіне қосуды, өмірлік маңызы бар препараттардың ең аз қорын қалыптастыруды қамтамасыз етуді және жеткізудегі үзілістер кезінде іс-қимылдың нақты алгоритмдерін әзірлеуді ұсынды.
Айнұр Арғынбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мысалы, созылмалы ауруы бар пациент жоспарлы қабылдауға келеді. Ем-дом тағайындалған, алайда қажетті препарат жоқ. Сондықтан дәрігер медициналық емес, ұйымдастырушылық себептермен емдеу схемасын өзгертуге мәжбүр болады. Мұндай олқылықтар дәрі-дәрмек саясатының жүйелі мәселелерін - импортқа жоғары тәуелділікті, тіркеу, баға белгілеу және сатып алу саласындағы шешімдердің шашыраңқылығын, жеткізудің осалдығын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында ұзақмерзімді әрі жүйелі стратегияның жоқтығын көрсетеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01