Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлер «ОПЕК» қорынан несие ала алатын болды

Кәсіпкерлер «ОПЕК» қорынан несие ала алатын болды

Кәсіпкерлер «ОПЕК» қорынан несие ала алады. Пайыздық мөлшерлеме 2,5-5%. Қаржыландыру мерзімі жобаның ауқымы мен өзектілігіне байланысты 22 жылға дейін ұзартылады. Негізгі басымдық шағын және орта бизнеске беріліп отыр. Елде бизнесті қаржыландырудың осындай жаңа тетігі пайда болады. Бүгін Сенат ОПЕК Халықаралық даму қорымен жасалған келісімді мақұлдады. Бұл – мемлекеттік бюджетке салмақ салмай, жекеменшік секторға инвестиция тартудың жаңа механизмі.   Айта кетейік, OPEC Халықаралық даму қорының негізгі миссиясы – дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау. Қор 50 жыл ішінде әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асырды. Жалпы құны 30 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлді. Соңғы 20 жылда Орталық Азия елдеріне 1,4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылған.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған құжат Қазақстан мен OPEC халықаралық даму қорының арасында ынтамақтастықты дамыту үшін әзірленді. Келісім еліміздің мүддесіне сай келетін жобаларды халықаралық қор қаражат есебінен қаржыландыруға мүмкіндік беретін болады. Осы мақсатпен қаржыландыру тетіктері жан-жақты реттеліп отыр. Жалпы, заңның мақұлдануы еліміздің инвестициялық ақуалына оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.


Бөлісу