«Қайрат» тарихи матч өткізді
«Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі соңғы матчында Англияның атақты «Арсенал» клубына қарсы ойнап, 2:3 есебімен жеңілді. Десе де бұл матчты қазақстандық жанкүйерлер тарихи ойынға балап жатыр. Өйткені матчта сенсациялық нәтиже тіркелді.
Қос команда UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің сегізінші турында
кездесті. Ойынның 2-минутында «Арсенал» сапынан Виктор Дьёкереш мергендік
танытып, есеп ашты. Ал «Қайрат» тез жауап қатты: 7-минутта айып алаңындағы
ереже бұзудан кейін Жоржиньо пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді.
Алайда бірінші таймның ортасында лондондық клуб қайта басымдыққа ие болды – Кай
Хаверц 15-минутта гол соқса, 33-минутта Габриэл Мартинелли есепті ұлғайтып,
«Арсеналды» есепте алға шығарды. Екінші таймда алматылық команда жақсы ойын
көрсетті, алайда шешуші сәттерде дәлдік жетіспеді. Ал матчтың ең соңында,
93-минутта «Қайрат» сапынан Рикардиньо гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
«Қайрат» осымен Чемпиондар лигасын аяқтады. Дегенмен бұл жеңіске бергісіз
жеңіліс. Өйткені алматылық клуб Ағылшын премьер-лигсының алыбы, үздігімен
ойнады. «Арсенал» маусым бойы турнирде «Атлетико Мадрид», «Интер» және
«Бавария» сынды азулы командалармен ойнап, тек екі гол жіберген еді. Ал
«Қайрат» лондондық клуб қақпасына бір ойында-ақ екі рет дәл соққы жасап,
сенсациялық көрсеткіш тіркеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12