Анталияда дүлей дауыл соқты
Түркияның Анталия қаласына қарасты Манавгат ауданында дүлей дауыл ағаштарды қопарып, шатырларды ұшырды. Теңізде басталған дауыл жағалауға жетіп, әп-сәтте қаланың астан-кестеңін шығарған. Бір мешіттің мұнарасы құлап, мешіт жанындағы ғимараттың үстіне түсті. Дауылмен бірге келген нөсер жаңбырдан көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады. Бірқатар ғимараттың төменгі қабаттарына су кірген. Сондай-ақ айлақта тұрған ондаған қайық пен яхта су астына кетті. Ал үстіне шатырдың бөлшегі құлаған бір адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Ахмет, жергілікті тұрғын:
Дауылдан кейін көшеден адамдардың дауысын естіп шықтым. Бір көршіміз үйден ұшқан шатырдың астында қалған екен. Дем ала алмай жатты. Бірнеше адам оны көтеріп алып шықтық. Сосын жедел жәрдем алып кетті.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18