«Жасыл ел» аймақтық штабы құрылды
Павлодарлық «Жасыл ел» жастар жасағының штабы биылғы жұмыстың жоспарын бекітті. Шара «Таза ел - ортақ жауапкершілік» деп аталады. Мақсат - белсенді жастар мен мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында экологияны жақсарту идеялары, тәжірибелері және жаңа бастамаларын талқылау. Сондай-ақ экологиялық волонтерлікті дамыту, еріктілерді жүйелі әрі ұзақмерзімді жұмысқа тарту қарастырылған. Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарының базасында «Жасыл ел» аймақтық штабтары ашылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
Русана Сулаймонова, «Жасыл ел» облыстық штабының директоры:
Әр оқу орындарында өз белсенділері бар. Осы «Таза Қазақстан» акциясының белсендісі және еріктісі ретінде өте қарқынды жұмыс өткізіліп жатыр деп айтуға болады. Таза ел - ортақ жауапкершілік. Себебі біз штаб ретінде жалғыз ғана емес, басқа да оқушылармен, студенттермен бірлесіп жұмыс жасаймыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15