Трамп: Әкімшілік Миннесотадағы шиеленісті бәсеңдеткісі келеді
АҚШ президентінің әкімшілігі Миннесотадағы шиеленісті бәсеңдетуге ниетті. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Федералдық көші-қон қызметкерлерінің қолынан екі адам қаза тапқаннан кейін Ақ үй саясатын өзгерте бастады. Иммиграциялық агенттер қаңтардың басында Рене Гудке оқ атып, мерт қылды. Өткен сенбідегі шеру кезінде 37 жастағы Алекс Претти оққа ұшты. Ішкі істер министрлігі марқұм шекара қызметкерлеріне қарсылық танытты, қару кезеді деп мәлімдеген еді. Алайда кейін тараған бейнежазбаларда мұның шындыққа жанаспайтыны көрінді. Алекс Преттидің қазасы қоғамның сынына ұшырады. Тұрғындар Миннесотадан 3 мыңдай көші-қон агенті мен офицерін шығаруды талап етті. Наразылық жаппай толқуларға ұласуы мүмкін деген алаңдаушылық күшейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы