Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті
Бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Төрт негізгі бағытты қамтиды. Яғни, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған. Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына ЖИ технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту сынды маңызды мәселелер қолға алынады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңгені құрайды. Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағаттарын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарлануда.
Жұлдыз Сүлейменова пәндерді біріктіру уақытша тоқтатылғанын жеткізді. Барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады деді. Ал Үкімет басшысы ақпаннан бастап білім беру ұйымдарына тосыннан тексеру енгізілетінін ескертті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымдарына тосыннан тексеру қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру олардың қауіпсіздігімен тамақтану мәселелеріне қатысты. Денсаулық сақтау оқу-ағарту мәдениеті еңбек және әлеуметтік қорғау туризм және ішкі істер министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 30 қаңтарына дейін ерекше бақылаумен қадағалауға жататын нысандар тізімін дайындауды тапсырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы