Туризмді дамыту жобасы әзірленді
- Туризмдегі түйткілді мәселелерді шешу үшін Жедел үйлестіру кеңесі құрылады. Үкімет басшысы осындай тапсырма берді. Мақсат - жазғы маусымға дейін демалушыларға қолайлы жағдай жасау. Биыл Қатон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталатыны белгілі болды.
- Алматының тау кластері Үкіметтің назарында. Енді қосымша 30 арқанжол мен 161 шақырым шаңғы жолы салынады. Туризм және спорт министрінің есебінше, бұл жоба жыл сайынғы туристер санын 5 миллион адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тауда шаңғы тебетін турист жағажайдағы демалушыға қарағанда жеті есе көп қаражат жұмсайды. Мәселен, жағажайдағы туристің шығыны – 50 доллар болса, ал тауда шаңғы тебетін туристтің шығыны 350 доллар. Бұл аймақ экономикасын дамыту үшін үлкен мүмкіндік, деді сала министрі.
- Проблема да жоқ емес. Бурабайда – кептеліс. Балқашта – сервис жоқ. Алакөлде жарық жиі сөне береді.
- Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Туристік маусымның қызған шағында электр желісінде ақау болды. Мысалы, Абай облысындағы Алакөл жағалауында электр желісі 33 рет өшіп қалған. Барлық дерлік курорттық аймақта қатты тұрмыстық полигондары жоқ деуге болады. Өңірлер 60 санитарлық гигиеналық тораптың орнатылғаны туралы есеп берді. Алайда қайта тексерген кезде олардың көбі жабық болды. Желілерге қосылмаған.
- Министр жергілікті әкімдіктер орнаттық деген дәретханалардың көбі іс жүзінде істемейтінін жеткізді. Саладағы проблемаларды шешіп, жобалаларды жүзеге асыру үшін 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Осының аясында инженерлік желілерді жаңғырту, жағажайларды абаттандыру, сервистік нысандарды дамытуға басымдық беріледі. Премьер-министр «Kazakh Tourism» басшысына қатаң ескерту жасады.
- Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Мемлекет басшысы туризмнің дамуына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл мәселе айрықша бақылауда. Жалпы өңірлерде оң динамика бар. Алайда туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерулер бұл салада әлі де жүйелі мәселелердің барын анықтады. Көптеген нысанда интернет сапасы нашар. Көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету мәселесі мен жол бойындағы сервиске қатысты үлкен сұрақтар бар.
- Самал Қабышева, тілші:
- Туризмдегі түйткілді мәселелерді шешу үшін Үкімет басшысы Жедел үйлестіру кеңесін құруды тапсырды. Бұл алаңда әкімдіктер де, «Атамекен» де, бизнес өкілдері мен сарапшылар да бар. Енді туристік нысандар жүйелі тексеріледі. Талап нақты. Жазғы маусымға дейін демалушыға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10