66 курсант қызылшамен ауруханаға түсті
Ақмола облысындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің 66 курсанты өткір вирустық инфекция белгілерімен облыстық балалар ауруханасына түсті.
Жұқпалы аурулар бөліміне түскен курсанттардан қызылша дерті анықталып отыр. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауына алынып, тиісті ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар екі жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап, жансақтау бөліміне жатқызған. Қалған курсанттардың жағдайы оңалып келеді дейді. Ал оқу орны қазір карантинге жабылды. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланды. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау күшейтіліп, жағдайды Қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау басқармасы жіті бақылауға алып отыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06