Басты Жаңалықтар АҚШ-та көші-қон агенттерінің әрекеттеріне қарсы наразылық өршіді

АҚШ-та көші-қон агенттерінің әрекеттеріне қарсы наразылық өршіді

АҚШ-тың Миннесота штатында көші-қон агенттерінің әрекеттеріне қарсы наразылық күшейді. Федералдық билік заңсыз иммигранттарға қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр. Бұл науқанға халықтың көбі қарсы. Осындай қақтығыстар кезінде бір айда шекара қызметкерлерінің қолынан екі адам қаза тапқан. Өткен сенбіде 37 жастағы Алекс Преттидің қазасы жағдайды ушықтырды. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәлімдеуінше, ол көші-қон қызметкерлеріне қарсылық танытқан. Алайда тараған бейнежазбалар Алекстің қолында қару болмағанын көрсетті. Агенттер Алекске 5 секундта 10 мәрте оқ атқан. Ол сол жерде жан тапсырды. Дональд Трамп әлеуметтік желіде мұны трагедия деп атады. Болған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Белді басылымдар бұл оқиға елде жаппай толқуларға түрткі болуы мүмкін деп жазды. Демократтар мен республикалықтар болса, бұған бірін-бірі айыптап отыр.


Бөлісу