Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті
Бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Төрт негізгі бағытты қамтиды. Яғни білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған. Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына Жасанды интеллект технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту сынды маңызды мәселелер қолға алынады.
Жұлдыз Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі:
Жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңгені құрайды. Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағаттарын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарлануда.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09