Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігі 50%-ға азайтылады
Қазақстанда диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу арқылы балаларды шетелдік клиникаларға жіберу көлемін 50%-ға төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда балаларды шетелге бағаналы жасуша трансплантациясына жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарған. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға жүрекке операция жасалады.
Биыл елімізде протондық терапия, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болмақ. Сондай-ақ гибридті операциялық бөлмелер енгізіліп, «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық оталар жүргізілуде.
Жоспарланған шаралар балалардың шетелге емделу қажеттілігін екі есеге азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы