Басты Жаңалықтар Еуропа елдері Гамбург декларациясына қол қойды

Еуропа елдері Гамбург декларациясына қол қойды

Еуропаның Бельгия, Франция, Исландия, Германия тәрізді бірнеше елі Гамбург декларациясына қол қойды. Олар Солтүстік теңізде 100 Гигаватт жел энергиясы желісін салуға келісті. Жоба 2040 жылға таман электр қуатының құнын 30 пайызға төмендетуге бағытталған. Одан бөлек, 143 млн үйді таза энергиямен қамтамасыз ету көзделген. Демек Солтүстік теңіз таза қуат резервуарына айналмақ. Бұған қоса, құны 9,5 млрд еуро болатын келісім жүзеге асса, 90 мың жұмыс орны ашылады. Бұдан бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияның Солтүстік теңізде мұнай өндіруді біртіндеп қысқарту жоспарын сынға алған еді. Бұған қоса, жел энергиясына инвестиция салатын елдер ұтылады деп мәлімдеді. Ал Британия болса, бұған таза энергияны таңдаған дұрыс деп жауап берді. 

Бөлісу