Басты Жаңалықтар Қазақстан өз әуе компанияларына Иран әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды

Қазақстан өз әуе компанияларына Иран әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды

Қазақстан өз әуе компанияларына Иран әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды. Бұл шектеулер туралы Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада: «Иран аумағында ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің артуына байланысты, қазақстандық әуе компанияларына арнайы өкім шыққанға дейін Иранның әуе кеңістігінде, оның шегінде және маңында рейстерді орындауға тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы жүзеге асырылуда», - делінген. Еске сала кетейік, қаңтар айының ортасында АҚШ-тың жақын күндері соққы беруі мүмкін екендігі туралы хабарламалардан кейін, Иран билігі елдің әуе кеңістігін жапқан болатын. Осыдан соң Air Astana Иранның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты маршруттардың өзгергенін жариялады. Сондай-ақ Иранның әуе кеңістігін айналып өтетіні туралы FlyArystan әуе компаниясы да хабарлады.

Бөлісу