Түркиядағы хоккейші қыздарымыз күміспен күптелді
Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында біздің спортшылар күміс жүлдегер атанды. Чемпионаттың алғашқы кезеңдерінде хоккейшілеріміз төрт команданы ірі есеппен ұтып, финалға дейін қиындықсыз жеткен болатын. Алайда ақтық айқаста оңтүстіккореялық спортшыларға 5-1 есебімен есе жіберді. Былтырғы Әлем чемпионатында да қазақстандық хоккейші қыздар күміс жүлдегер атанған еді. Чемпионаттың барлық ойындарында Түркияда оқитын студенттер мен жергілікті қазақтар жанкүйер болып, спортшыларға үлкен қолдау көрсетті.
Мария Федоренко, жаттықтырушы:
Қыздарымыз финалдық ойында тактикалық емес, эмоционалдық тұрғыда есе жіберіп алды. Себебі көп қыздар мұндай үлкен чемпионатқа бірінші рет қатысып тұр. Спортшылар жақсы дайындықпен келді. Дегенмен бізде қыздар хоккейі әлі аса танымал емес. Сондықтан қолымызда бар клубтардан ең жақсыларын таңдап әкелдік.
Халит Албайрак, Түркия хоккей федерациясының экс басшысы:
Қазақстандық қыздардың ерік жігеріне тәнті болдым. Өте жақсы ойын көрсетті. Деңгейлері жоғары екені көрініп тұр. Бұдан бөлек қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы да ерекше болды. Қазақ спортшылары өз үйлерінде ойнап жатқандай әсер қалдырды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12