Трамп Канадаға 100% тариф енгізетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Канададан баратын тауарларға 100 пайыз көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Оттаваның Қытаймен сауда келісімін жасауына қарсы. Трамп Канада премьері Марк Карниді мұндай мәміле елге қауіп төндіретінін ескертті. Соңғы уақытта АҚШ пен оның солтүстік көршісі арасында шиеленіс артты. Жақында Бейжіңге сапарында Карни Қытайды сенімді және айқын серіктес деп атады. Давоста Еуропа елдерінің лидерлерін әлемнің екінші экономикасынан инвестициялар тартуға үндеді. Ал Трамп болса, бұдан кейін әлемдік қақтығыстарды реттеуге арналған «Бейбітшілік кеңесіне» Канаданы шақыру райынан қайтты.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18