Ресейдің екі облысы 4 күн бойы жарықсыз отыр
Ресейдің екі өңірі қалың қарға байланысты төрт күннен бері жарықсыз қалды. Мурманск және Запорожск облыстарында ірі апат болып, үйлерде жылу, электр энергиясы жоқ. Облыстарда қырыққа жуық жедел штаб құрылып, төтенше жағдай режимі енгізілді. Кейбір пункттерде тұрғындарға азық-түлік таратылуда. Электр желілеріндегі тіректердің бұзылуына қатты дауыл мен қалың қар себеп болған. Салдарынан 200 мыңнан аса адам әлі бірнеше күн жарықсыз отыруға мәжбүр. Мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды.
Алексей
Лебедев, электр желісі компаниясының инженері:
Әлеуметтік маңызы бар нысандар ғана электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Энергетиктер төтенше жағдайды жою үшін жұмыс істеп жатыр. Алайда қазір қазандықтар мен ауруханалар ғана электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Тұрғын үйлер әзірге қуаттан ажыратылды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03