Басты Жаңалықтар Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

21 жастағы Шымкент тұрғыны Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін «салғырттық танытқан» полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Іс жәбірленуші жақтың өтініші бойынша некеге мәжбүрлеу бойынша істі тіркемеген полиция қызметкерлеріне қатысты. Президент Ұлттық құрылтайда сөйткендерді тексеруді тапсырған.

«Сол күні министрлік тәртіптік комиссия аясында Шымкент қаласының полиция бастығы, оның орынбасары, полиция департаментінің бастығы қызметтерінен босату, сонымен бірге жәбірленуші жақтың шағымы бойынша істі қозғамаған лауазымды тұлғаларды теріс негіздер бойынша жұмыстан босату туралы шешім қабылдады», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары С.Әділов.

Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай Tengrinews порталына сұхбатында қарындасын өлтіргеннің маза бермегенін, сыпайы сөйлескенді ұқпағанын айтады. Полицияға бірнеше рет шағымданғандарына тоқталады.

Нұрай мектепті үздік бітіріп, Қазақ архитектура және құрылыс академиясында оқып жүрген. Киім дизайнері болғысы келген. Сурет салған. Домбыра мен гитарада ойнаған.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы