Авиация саласына қатысты заңға өзгерту енгізілуі мүмкін
Авиация саласына қатысты заңға өзгерту енгізілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтеріп жатыр. Бүгін Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде авиация саласындағы қордаланған проблемалар талқыланды. Рейстердің жиі кешігуі, билет бағасының қымбаттығы, қайтарылмайтын ұшақ билеттері, авиакомпаниялардың қызметі, халықтың жиі шағымы. Дәл осы жолаушылар шағымына қатысты заңда тұсау бар екенін депутат Мұрат Әбенов жеткізді. Оның айтуынша, заңда жолаушылардан шағым түссе де, тексеруге негіз жоқ. Себебі, заңда солай көрсетілген. Сондықтан дәл осы нормаға өзгерту енгізу қажет деді, депутат.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Арыз-шағым көбейгеннен кейін тексерейік десек, заңда 2023 жылы авиацияны тексеруге болмайды. Авиация бойынша арыз-шағым келсе, тексеруге ешкімнің құқығы жоқ деп жазып қойған. Солардың аяғына жығып берген. Теміржолды тексеруге болады, таксиді болады. Барлығын болады. Авиацияны болмайды. Авиацияны тексеруге болмайды деп Кәсіпкерлік кодекске енгізіп қойған. Оның ішінен алып тастаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы