Басты Жаңалықтар Дүниежүзілік экономикалық форум мәресіне жетті

Дүниежүзілік экономикалық форум мәресіне жетті

Швейцарияның Давос қаласында өткен бес күндік Дүниежүзілік экономикалық форум мәресіне жетті. Қатысушылардың айтуынша, биылғы жиында АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелері мен жасанды интеллект тақырыбына баса мән берілген. Форум аясында «Бейбітшілік кеңесі» құрылды. Тағы бір айта кететін жайт, америкалық миллиардер Илон Маск экономикалық форумға алғаш рет қатысып, 5 жылда жасанды интеллект адамнан да ақылды болады деген болжам айтты.

Илон Маск, Tesla компаниясының басшысы:

Келер жылдың соңына таман адамға ұқсас роботтар сатылымға шығады. Сол уақытта біз олардың қауіпсіз, берік , функционалдық мүмкіндіктерінің жоғары екеніне сенімді боламыз. Гуманоид роботтардан қалағаныңызды сұрай аласыз.

Сонымен бірге форумда Украина президенті Владимир Зеленский сөз сөйлеп, Еуропаны сынға алды. Әскери қуатын қажетінше күшейтпей, АҚШ-қа тәуелді болады деп сөкті. Украина лидері Еуропаға ортақ қарулы күштер қажет деп мәлімдеді. Зеленский мұның алдында форумда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, соғысты аяқтау жоспарын талқылаған. 


Бөлісу